banner

Жаңалықтар

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Жаhандық Перспективалар және Жоба Жұмысы пәні мұғалімі Дана Алтынбекова ECER 2024 халықаралық конференциясына қатысуда.

29 тамыз 2024 12:02

Фото профиля nis.hbn.shymkent

nis.hbn.shymkent

 Отредактировано•3 дн.

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Жаhандық Перспективалар және Жоба Жұмысы пәні мұғалімі Дана Алтынбекова ECER 2024 халықаралық конференциясына қатысуда.

27-30 тамыз аралығында Кипр елінің Никосия қаласында ECER халықаралық конференциясы өтуде.Еуропалық білім беру зерттеулері конференциясы (ECER) жыл сайын көптеген елдерден қатысушыларды біріктіретін Еуропадағы ең ірі дәстүрлі білім беру конференциясы.

Атаулы шараның басты мақсаты -зерттеу орталығының және жалпы білім беру институтының жұмысының дамуы мен бағытына сәйкес келеді.

Биылғы жылы конференцияға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дана Алтынбекова қатысып, “The Development of Reading Comprehension of Academic Texts in Russian L2 and English L3 Languages for Multilinqual NIS Students in Kazakhstan” тақырыбында баяндама жасады.

-ECER 2024 конференциясына қатысу – бұл сізді қызықтыратын тақырыпты жаңа, тереңірек деңгейде зерттеу мүмкіндігі. Кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын қызықты адамдармен қарым-қатынас. Бейресми жағдайда жаңа танысулар мен мұғалімдермен жеке байланыс орнату мүмкіндігі. Мектептегі білім беруді жақсарту, оны халықаралық білім стандарттарына сәйкестендіру және бәсекеге қабілетті және тартымды ету үшін осындай конференцияларға қатысу қажет деп ойлаймын- деп бөлісті Дана Алтынбекова.