banner

Жаңалықтар

Қазақстандағы Lesson Study тәжірибесі: NIS Kostanay мұғалімдері WALS XVII халықаралық конференциясында зерттеу нәтижелерін ұсынды

24 қыркүйек 2024 16:45

NIS Kostanay мұғалімдері Юлия Злоба, Нина Лукина, Умиткуль Искакова, Аймира Курмангалиева және Рашит Татимбеков “Қазақстандағы Lesson Study: идеядан саналы нәтижеге WALS XVII халықаралық конференциясына қатысты.

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға 23 мемлекеттен келген мұғалімдер және зерттеу сарапшылары келген. Қатысушылардың басым көпшілігі Жапония, АҚШ, Малайзия, Индонезия тағы басқа мемлекеттерден келді.

Олар сабақты зерттеу бойынша нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Мысалы, математика мұғалімдері Умиткуль Искакова мен Нина Лукина “Бағалау парағы - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді құралы ретінде” және Юлия Злоба “Білімді болжау және тест стратегиясын қалай пайдалануға болады” деген гипотезаны алға қою және дәлелдеу үшін оқушылардың зерттеу дағдыларын қалай дамытуға болады?” тақырыптарымен зерттеу нәтижелерімен бағалау бойынша секциясында халықаралық әріптестермен бөлісті.

Физика мұғалімі Аймира Курмангалиева “Технология мен үрдістер” постер-сессиясында “Жоғарғы сынып оқушыларының сыртқы жиынтық бағалау емтихан жұмыстарына негізделген эксперименттердің деректерді өңдеу үшін PYTHON бағдарламалау тілін пайдалану” тақырыбы бойынша зерттеу тәжірибесін ұсынды.