![banner](/img/page_banner.webp)
Мектеп тарихы
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылып, Назарбаев Зияткерлік мектептердің қатарына он жетінші болып қосылды.
Мектеп іскерлі оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептері Кембридж Университетінің эксперттерімен бірлесіп жасалған Кіріктірілген Білім беру бағдарламасымен іске асырады.
Профильді пәндердің физика мен математика болғанына қарамастан, гуманитарлық пәндер мен тілдерді оқытуға да назар аударады. Оқушылардың пәндерді үш тілде оқуға мүмкіндігі бар. Осылайша, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндік бар.
Педагогтердің Зияткерлік және кәсіби дамуын арттыру мақсатында НЗМ торабында және шет елдерде біліктілікті арттыру курстары өтіп тұрады.
Оқу – тәрбиелеу процесін 211 мұғалім мен АҚШ, Канада, Сербия, келген 4 халықаралық мұғалім, сондай-ақ, қосымша білім беру педагогтері, педагог-психологтер, педагог-куратор-ұйымдастырушылар, тәрбиешілер ұйымдастырады.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, өз пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.
KiVa- буллингпен күресудің инновациялық, ғылыми негізделген бағдарламасы. Ол 2006-2009 жылдары Финляндияның Турку университетінде Финляндияның мәдениет және білім министрлігінің тапсырысы және қолдауымен әзірленген. KiVa бағдарламасы жалпы мектеп деңгейінде жүзеге асырылып, әмбебап әрекеттерді (алдын алу кезеңін) және орын алып жатқан буллинг жағдайларын тоқтатуға бағытталған арнайы әрекеттерді (араласу кезеңін) қамтиды. Бағдарламаға бейнероликтер, оқушылармен жүргізілетін сабақтарға арналған таныстырылым материалдары, буллинг жағдайларына қарсы тұру туралы нұсқаулар, онлайн ойындар және басқа да онлайн материалдар кіреді.
Сонымен қатар, KiVa мектептері оқушылар мен қызметкерлердің жыл сайынғы онлайн сауалнамаларымен жиналған кері байланыс негізінде буллингпен күресу жұмысындағы прогресс пен буллинг үрдістерін бақылай алады. Бағдарламаны жүзеге асыру буллинг пен виктимизацияны, сонымен қатар әлеуметтік мазасыздану сияқты ішкі проблемаларды азайтады. Сонымен қатар, мектептегі игілік пен оқуға деген ынтаны арттырады.
Негізі KiVa бағдарламасы әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын маңызды экспорттық білім беру өніміне айналған. Жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, KiVa буллингке қарсы бағдарламасы басқа елдерде де тиімді нәтижелер көрсетуде. Мысалы: Эстонияда, Нидерландта және Италияда өткізілген рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер Финляндиядағыдай оң нәтиже берді. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мектеп ортасында оқу құқығын қамтамасыз ету үшін әрбір адамның күш-жігері қажет. KiVa бағдарламасы осы буллингтің алдын алу және буллинг жағдайларын азайту мәселесін шешуде пайдалы болады деп үміттенеміз.