banner

Жаңалықтар

Мектеп басшыларының көшбасшылық дағдыларын дамыту: NIS Kostanay тағылымдамасы тәжірибесі

24 қыркүйек 2024 14:02

16-20 қыркүйек аралығында Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5 директоры NIS Kostanay-да “Көшбасшылық мектеп” тағылымдамасынан өтті.


Қатысушылар арасында “Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасы бойынша 3 директор бар, оның шеңберінде материалдық-техникалық база жаңартылып, NIS Kostanay мұғалімдері әдістемелік көмек көрсетеді.


Тағылымдама Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп өткізілді. Бір аптада директорлар оқу қызметін, тәрбие және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің барлық бағыттары бойынша жұмысымен танысты.



Мектепте қауіпсіз ортаны ұйымдастыру, функционалдық сауаттылық дағдылары дамитын мұғалімдер сабақтарындағы тапсырмалар, сондай-ақ физика, химия сабақтарында практикалық және зертханалық сабақтарды ұйымдастыру ерекше қызығушылық тудырды.



Бұл тағылымдама “PROFI-марафон” ДББҰ жобасы бойынша іс-шаралар циклінің басталуы болды.
Директорлар өз мектебін NIS тәжірибесімен дамытатындарын тілге тиек етті.