Жаңалықтар
FamilyFest–2024
19 қыркүйек 2024 17:10
NIS Қостанайда дәстүрге айналған «FamilyFest2024» іс-шарасындағы қатысушылардың жарқын эмоциялары кештің тамаша өткенін айқындайды.
Жалпы, іс-шара 7-сынып оқушыларының және олардың ата-аналарын бейімдеуге, отбасы құндылықтарының маңызын аңықтауға бағытталған.
Іс-шара барысында жылы атмосфераны құруға және барлық қатысушылар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал еткен түрлі конкурстар, ойындар мен шеберлік сыныптары негіз болды.
НЗМ тәрбие жұмысының негізгі мақсаттарының бірі болып табылатын бірлескен шығармашылықты дамытуға және отбасылық үйлесімділікті қолдауға басты назар аударылды.
Әрине, би үйірмесінің талантты оқушылары дайындаған флешмоб ерекше сезім туғызды.