banner

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 2013 жылдың 01 ақпанында Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған сегізінші Зияткерлік мектеп болды.

 Аталмыш мектеп – үш қабат, он төрт блоктан тұратын 720 орындық нысан. Толық күн тәртібінде білім беруге арналған. Білім беру мекемесінде 62 оқу бөлмесі, физика, химия және биология пәндеріне арналған үш кеңейтілген зертханасы бар. Аймақтардан келген оқушылар үшін 120 орынды жатақхана тұрғызылған. Дене шынықтыру пәніне арналған спорт секциялары, екі спорт залы, тренажер залы, футбол алаңы, жүгіру жолдары, спорт алаңдары қарастырылған. Мәдени-танымдық шаралар мен  бос уақытты ұйымдастыруға арналған 350 орындық акт залы бар. Мектепте үлкен кітапхана, заман талабына сай медиатека, ақпараттық орталық жұмыс істейді. Оқушылардың тамақтануын 360 орындық асхана қамтамасыз етеді.  Білім беру процесі оқу мен тәрбие жұмысын барынша сіңіруге бағытталған. Білім беру процесін 119 пән мұғалімдері мен Ұлыбритания,  АҚШ, Филиппин, Кения және Австралиядан келген 9 халықаралық мұғалімдер ұйымдастырып отыр.