banner

Жаңалықтар

«Коммуникативті дағдылар және жағымсыз жағдайларды шешу» тақырыбында шаңырақ сағаты

08 қазан 2024 16:00

08 қазан күні Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бағыттау, шаңырақ оқушыларының командалық рухын көтеру, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту, бірге шешім қабылдау құндылықтарын арттыру мақсатында «Сәкен Сейфуллин» атындағы шаңырақ қауымдастығының кураторы мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Коммуникативті дағдылар және жағымсыз жағдайларды шешу» тақырыбында шаңырақ сағаты өтті.

Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, «Дене тілі», «Мұражай», «Эмоцияны табыңыз», «Сахналық коммуникативтік ойын», «Стакандармен командалық мұнара», «Көпір жасау», сияқты әрі қызықты, әрі коммуникативтік қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған ойындарға қызығушылықпен және белсенді қатысты.

Сабақ соңында оқушылар сабақтың қызықты әрі тиімді өткенін айтып, коммуникативті дағдылар мен жағымсыз жағдайларды шешумен қатар, құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарға байланысты білімдерін жетілдіргендерін тілге тиек етті.