banner

Мектеп тарихы

Мектептің тарихи жылнамасы

2013 жыл

11 қыркүйек күні Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік салтанатты түрде ашылды.

2014 жыл

6 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді.

2015 жыл

«Поэзия падишасы» Фариза Оңғарсынованың құрметіне мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіне ақынның есімі берілді.

2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел зияткерлері» атты жалпы білім беретін мектеп оқушыларының І-облыстық форумы өтті.

2017 жыл

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткендігі жөнінде ресми мәлімдеме алды.

2018 жыл

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында кіші жобалық кеңсе құрылды.

2019 жыл

Алғаш рет оқу орынды толық 12 жылдық білім беру жүйесімен аяқтаған 68 мектеп түлегіне халықаралық үлгідегі сертификат пен аттестаттар табысталды.

2020 жыл

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы тағайындалды. Бұған дейін мектепті 5 жыл басқарған Айтпукешев Айдарбек Төлепұлы Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS директоры болып тағайындалды.

2021 жыл

Атырау қаласындағы NIS-те «Шелл» мұнай-газ компаниясы орнатқан күн станциясы пайдалануға берілді. Бұл NIS пен Шелл арасындағы «Күн энергиясы – мектептерге» бірлескен жобасының төртінші фотоэлектрлік жүйесі.

2022 жыл

Ерали Бижанов Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова табысты жұмысы үшін бірнеше жыл бойы Атыраудағы NIS-ті басқарған Құралай Ахмадиеваға алғысын білдірді.

2023 жыл

Атыраудағы NIS-ке 10 жыл толды. Салтанатты іс-шараға мектеп директорлары қызметінде болған А.Айтпукешев, Қ.Ахмадиева, Қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар мен оқушылар қатысты. NIS Атырау стадионында 10-жылдыққа арналған мерекелік флешмобы өтті. Қонақтарға оқушылардың оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, спорт және өнердегі жетістіктерінің жәрмеңкесі таныстырылды.

2024 жыл

Атыраудағы NIS-тің химия пәні ұстаздары Syed Abbas Asif пен Рахымжан Қосанов Ирландияның Дублин қаласындағы Европалық химия ғылымдарының 9-халықаралық конгресіне «Сулы-сутектік электрохимиялық ұяшық» тақырыбындағы баламасыз зерттеу жұмыстарын ұсынды. Бұл жоба 2 жылда бір рет өтетін бүкіл әлемдік химиктер саммитінде жоғары бағаға ие болды.