banner

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

Зияткерлік мектептер арасында оқушыларды ауыстыру кезегіне сәйкес тиісті орындар болған жағдайда каникул кезінде ғана жүзеге асырылады.

Оқушыны ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:

1) 7-сыныпта;

2) халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласындағы Зияткерлік мектебіне;

3) оқу жылының бірінші жартыжылдығының аяғына дейін Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің (халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын) 8–11 сынып оқушыларын басқа мектепке ауыстыруға;

4) экстернат формасында білім алып жатқан және академиялық демалыстағы оқушыларды ауыстыруға.

Оқушыны ауыстыру өтініштері «Мектепті басқару жүйесі» (бұдан әрі – МБЖ) ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Өтініш беру үшін логин (ата-ананың ЖСН) мен құпия сөзді қолданып өз мектебіңіздің МБЖ-не кіру қажет. Оқушыны ауыстыруға өтініш беру барысында қиындықтар туындамау үшін негізгі мәзірде «Өтініштер»/«Ауысу» бөлімінде оқушының аты-жөні, электрондық поштасының адресінің дұрыстығын алдын-ала тексеру қажеттігін ескертеміз.

Қосымша ақпарат алу үшін ДББҰ Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментіне 8-7172-23-57-38 телефоны арқылы хабарласуға болады.