Жаңалықтар
NIS IB оқушылары "Құпия кітап" буктрейлер байқауының жеңімпаздары атанды
13 желтоқсан 2024 14:06
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «100 кітап» жобасы аясында кітап оқумен үнемі айналысады. Кітаптарды оқып қана қоймай, оларды басқа оқушыларға оқуға кеңес береді.
Жақын арада Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері ұйымдастырған желілік «Құпия кітап» буктрейлер сайысында топ жарды.
Оқушылардың көркем әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен сайысқа мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Нәтижесінде,
•Толымбек Әбдірайымовтың «Тұнжыр» хикаятын оқуға үндеген 7-сынып оқушылары Рахимова Адель мен Абужарова Айдана І орынды
•Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасына әсерлі бейнежазба ұсынған 8-сынып оқушылары Серік Илияс пен Біләл Ақсезім І орынды
•Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын талдап, оқуға ұсынған 9-сынып оқушылары Ластаева Аружан мен Ғазизова Амина ІІ орынды иеленді
Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Хусаинова Р.А., Курмангалиева Г.Г., Бабашова Д.М., Сагинган Н.Б., Пшенбаева С.А.