Жаңалықтар
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі the Chinese University of Hong Kong пен ынтымастық орнатты
05 маусым 2024 14:43
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі the Chinese University of Hong Kong пен ынтымастық орнатты.
2024 жылғы 4 маусымда Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Гонконгтың Қытай университетімен (the Chinese University of Hong Kong) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы айтулы оқиға аясында мектепке 2017 жылдан бастап "бір белдеу, бір жол"бастамасына кіретін елдерде жоғары білім беруді зерттеумен айналысатын осы университеттің ғалымдары мен зерттеушілер тобы келді.
Қазіргі уақытта олар Гонконг ғылыми гранттар кеңесінің (RGC) Жалпы зерттеу қорына (GRF) 2024/25 оқу жылына өтінім беру үшін ұсынылған "конвергенция қай жерде жүреді: қазақстандық студенттер шетелде жоғары білім алуға ұмтылады" атты жобалық ұсыныспен жұмыс істеуде. Жобаның негізгі мақсаты шетелде жоғары білім алуға ниетті қазақстандық студенттердің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін түсіну, сондай-ақ Гонконг пен Қазақстан арасындағы университеттер мен мемлекеттік мекемелердің ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.
Зерттеу тобының мүшелері-профессор Алан К. К. Чунг, Гонконг Қытай университетінің бас зерттеушісі, Гонконг Қытай университетінің профессоры Фан-синг Хунг, Пекин технологиялық институтының профессоры Джин Лю және Пекин университетінің докторы Аохуа Ни.
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіне сапарының негізгі мақсаттары біздің оқу орнымыз бен Гонконг Қытай университеті арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндіктерін зерттеу, мектебімізздің шетелде оқу мүмкіндіктерімен және Гонконг Қытай университетінде қолжетімді ресурстармен таныстыру болды.
Шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің Қазақстанға сапарын Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Жамиля Жиргенова жүргізді. Бүгінде Жамиля Гонконгтегі Қытай университетінің докторантурасында оқиды.
Бұл ынтымақтастық біздің студенттеріміз үшін жаңа көкжиектер ашып, Қазақстан мен Гонконг арасындағы білім беру және зерттеу байланыстарын дамытуға ықпал етеді деп үміттенеміз.