banner

Тамақтану

МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУ

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету қызметі қарастырылған және бұл қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы шартқа сәйкес ұйымдастырылған.

Асханадағы тамақтану адам саулығына пайдалы және жеткілікті түрде беріледі және бұл оқушының денсаулығы мен интеллектуалды әлеуеті үшін маңызды рөл атқарады. Мектептегі тамақтану төрт апталық перспективалы маусымдық мәзірде дайындалады. Мектеп жатақханасында тұратын оқушылар күніне бес рет, қаланың өзінде тұратын оқушылар күніне үш рет тамақтанады. Сонымен қатар асханада буфет жұмыс істейді.

Мәзір жасау кезінде сауалнама жүргізу, мектептің диеталық маманымен әңгімелесу арқылы оқушылардың пікірі ескеріледі. Белгілі бір ауруларға байланысты уақытша шектеулері бар оқушылар үшін емдік тамақтану ұйымдастырылған. Қызметтердің ұсынылуын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылау үшін жалға алушы жылына екі рет БҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығымен» жасалған шартқа сәйкес өндірістік бақылау жүргізеді. Мектепте бракераждық комиссия құрылған, оның құрамына мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді.