Жаңалықтар
ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН CIS САРАПШЫЛАРЫ КЕЛДІ
10 қараша 2024 19:00
Қазіргі білім беру әлемінде аккредиттеу ісі оқыту сапасын жоғарылатуда және дамытуда шешуші рөл атқарады. Соның бірі – Халықаралық мектеп Кеңесі (CIS), бұл – күллі әлемдегі білім беру мекемелеріне кәсіби қолдау көрсететін коммерциялық емес мекеме.
Биыл Орал қаласындағы NIS әлемнің әр түкпірінен келген CIS сарапшыларының бағалауынан, яғни акрредиттеуден өтеді.
Бүгін аталған мақсатпен білім ордамызға әлемдік білім беру ісінің үздік мамандары – Inna Polianska (Ukraine), Stuart Christopher Bradley (United Kingdom), Christopher Quinn (United Kingdom), Line Bourgeois (Canada), Azamat Kholmatov (Tajikistan), Rsaldy Kaidarova (Kazakhstan), Sarvar Sharipov (Uzbekistan) келді.
Мектеп әкімшілігі, мұғалімдері және маңдайалды оқушылары меймандар үшін толыққанды кампус-тур өткізді. Мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев қонақтарды мектептің педагогикалық құрамымен таныстырып, қажетті ақпараттарды назарға ұсынды.
Алдағы бір апта бойы сарапшылар қауымы мектеп қызметінің тиісті зияткерлік білім стандарттарына сәйкестігін бағалап, егжей-тегжейлі талдау жүргізеді.