Жаңалықтар
Мектепшілік ата-аналар комитеті төрағаларымен отырыс өткізілді
04 наурыз 2024 22:03
✅Мектебімізде мектепшілік ата-аналар комитеті төрағаларымен отырыс өткізілді.
✅2023-2024 оқу жылында мектебімізде барлығы 25 сынып білім алуда. Оқу жылының басында аталған сыныптарға ата-аналар комитеті тағайындалып, сыныптардың мәселелері комитет төрағасы ұйымдастыруымен шешімін тауып келеді.
✅Оқу жылының 2-жартыжылдығында сыныптардың ата-аналар комитеті көшбасшылары мектеп директоры Тусупжанов Айдын Елеусізұлы мен жалпымектепішілік ата-аналар комитеті төрағасы Жандос Шайдулланың жанында өткен отырыста бас қосты.
✅Отырыс басы мектептің педагог-психологы Арынбаева Жанна Маратқызының "ұрпақтар дамуының теориясы" атты баяндамасымен басталып, ата-аналардың жағымды атмосферада өзара танысып, жылы лебіздерін білдірумен жалғасты.
✅Отырыстың келесі кезеңінде күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаумен ұласты:
📌2023-2024 оқу жылы 1-жартыжылдығында оқу-тәрбие саласында атқарылған шаралар мен 2-жартыжылдықта жоспарлар;
📌Жандос Шайдулланың ағымдағы жылдың 2 ақпаны күні Астана қаласында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жанында өткен ата-аналар Кеңесінде талқыланған мәселелер, ұсыныстар мен қабылданған шешімдермен танысу;
📌NIS оқушыларының ата-аналар Кеңесі құрған комитеттерге мектепішілік мүшелерді сайлау;
📌Мектептің асхана жұмысы мен қызметі сапасымен танысу.
✅Мектепішілік ата-аналар комитеті отырысында бұдан бөлек Council of Internationl schools (CIS) ұйымына кіру аясында халықаралық аккредитациядаға өтінім беру процесіндегі ата-аналар рөлі де басты назарда екендігі айтылды.
⚜️"Ulltyq sezim" жалпыұлттық флешмобына қатысу және ұлттық дәстүрді дәріптеу мәселелесі назардан тыс қалмады.
✅Ата-аналардың мектеп өміріне белсенділігі оқушылардың әл-ауқаты мен дамуына зор ықпал етеді дей отырып, өзара ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деген сенімдеміз.