Жаңалықтар
МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАС ПЕДАГОГТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
02 желтоқсан 2024 15:40
🌱🧑🏫 Білім ордамызда ІІІ аймақтық жас педагогтар форумы өтті. «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында өткен форумға 200-ден аса Түркістан қаласы және оьлыс аумағындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен және Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының қолдауымен өткен іс-шара дәстүрлі түрде қатарынан үшінші жыл облыс аумағында өтуде.
🌱🧑🏫 Форум жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мен өзін-өзі дамытуға, шығармашылық әлеуетті арттыруға және тәжірибе алмасу мен жас ұстаздардың кәсіби қоғамдастығын құруға бағытталған.
🌱🧑🏫 Форумда алғашқы құттықтау сөз кезегі Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалының директоры Жанар Калгинбаеваға, Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығыны» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бақыт Төлімбетке, сондай-ақ мектебіміздің директоры Айдын Тусупжановқа берілді. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жас ұстаздарға кәсіби жолдарында ескеру қажет кеңестерін айтты.
🌱🧑🏫 Шара әрмен қарай мотивациялық сессиялармен жалғасты. Аталмыш секцияда жас та болса жоғары белестерді бағындырып жүрген азаматтар жетістіктерінің сырларымен бөлісті. Бұдан соң ұстаздар топтарға бөлініп, форумның негізгі тақырыбы болған жасанды интеллект жайлы кең көлемде ақпарат беруге арналған «Жас педагог» төмендегідей тақырыптар бойынша шеберханасынан өтті:
🌱 «Жасанды интеллекттің құралдары: STEM білім беру мүмкіндіктері»
🌱 «Цифрлық кеңістіктегі мұғалімнің мүмкіндіктері»
🌱 «Блогингты дамытудағы жасанды интеллекттің тиімділігі»
🌱 “Жасанды интеллект көмегімен медиа өнімдерін кастомизациялау”
🌱 «Заманауи мұғалімнің арсеналындағы жаңа құралдар: AI және AR (Augmented Reality)»
🌱 «ҚМЖ мен тесттерді автоматтандыру: ChatGPT арқылы promt-тарды дұрыс құру»
🌱 «Жасанды интеллектпен РР жасау: оқу процесін жеңілдету»
🌱 «Білім беру ресурстарын кеңейту: жасанды интеллект көмегімен мультимедиалық контент құру»