banner

Жаңалықтар

БРАКЕРАЖДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15 қараша 2024 18:54

🌱🍽️ Мектебімізде бракераждық комиссияның үшінші отырысы өтті. Комиссия отырысының басты мақсаты - № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 3-тарауындағы обьектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген ас мәзірінің дайындалуы, тағам сапасы мен құнарлылығы, асхананың қызмет көрсету сапасы, тағам сақтау қоймаларының санитарлық жағдайына сәйкес ұйымдастырылуы нормаларын бақылау.

🌱🍽️ Комиссия мүшелерінің құрамына мектеп директоры мен орынбасарлары, жатақхана меңгерушісі, дәрігер-педиатр, педагог-ұйымдастырушы-куратор, дәмбике және мектеп оқушыларының ата-аналары кіреді. Отырыс жоспарға сәйкес ай сайын өткізіледі.

🌱🍽️ Осы жолғы комиссия отырысында түскі ас мәзірі ұсынылды. Мәзірде тәтті бұрышпен дәмдеуіш қосылған қызанақ салаты, кеспе көже, тауық етімен қарақұмық, қара бидай наны, бидай наны, жемістерден жасалған компот болды.

🌱🍽️ Комиссия мүшелері ас мәзірінен дәм татып, тағамдардың дайындалуы мен қоймалардағы азық-түліктердің санитарлық талаптарға сәйкес сақталуын қадағалады.