banner

Жаңалықтар

🌱”ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АТА-АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ” ТАНЫМДЫҚ ДӘРІСІ

28 қараша 2024 12:35

🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ата-аналар университеті аясында “Жоғары оқу орнына түсу процессіндегі ата-аналардың рөлі” тақырыбында дәріс өтті. Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы-кураторлар өткізіп, ата-аналар, оқушылар және білім беру мамандары қатысты.
🌱Спикерлер балалардың кәсіби бағдарын анықтаудағы маңызы мен ата-аналардың қолдауының әсерін талқылап, нақты кеңестер ұсынды. Дәріс барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, мамандардан маңызды ақпарат алды. Мұндай шаралар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оқушылардың болашақ таңдауына оң ықпал етері сөзсіз.