Жаңалықтар
«Қаржылық IQ» жаңа жобасы бастау алды
09 қазан 2024 11:29
«АСПМК-519» ЖШС құрылтайшыларының бірі Вадим Немытов Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін қаржылық сауаттылық бойынша сабақ өткізді.
Компанияның айналымы миллиард долларды құрайды және Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ірі жеке компаниялар тізіміне енген.
Кездесу қаржылық сауаттылық бойынша жаңа мектеп клубының тұсаукесері аясында өтті. Оған 9-сынып оқушысы Немытова Анна бастамашы болды.
Клубтың мақсаты –интерактивті әдістерін қолдана отырып, жасөспірімдерге қаржы саласында тәжірибелік білім мен дағдыларды беру.
Жоба авторының айтуынша, зерттеулер жастардың бюджет құру, жинақтау, инвестициялау және несиелеу сияқты негізгі қаржылық принциптерді түсінуде жиі қиналатынын көрсетеді. Бұл тенденция болашақта қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.
— Қаржылық сауаттылықты зерттейтін арнайы платформа құрдым. Ол 12 бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысында тақырыптар бойынша сабақтар көрсетілген. Мысалы, бірінші сабақта ақша деген не? Экономика қалай жұмыс істейді? Ақша және қоғам, ақша және мемлекет. Арнайы QR кодын пайдаланып қолданбаны енгізуге болады. Менің клубым мен тренингім де кәсіпкерлік ойлауды дамытуға көмектесетінін атап өткім келеді, - деп бөлісті Анна.
Кездесуде кәсіпкер Вадим Немытов Зияткерлік мектеп оқушыларына өз кәсіпорны мен қызметі туралы айтып берді. Қонақтың шеберлік сыныбы оқушылар үшін қызықты өтті. Өнімнің бағасы мен өзіндік құны нақты кейс бойынша диалогта талқыланып, тұрақты және ауыспалы шығындарды анықтады.
— Осындай форматтағы кездесулер өте пайдалы. Біз бірнеше құнды қаржылық кеңес алдық. Біздің ойымызша, қаржылық сауаттылық бойынша сабағын мектеп кезден алу керек, - деп ойларын 9-10 сынып оқушылары қорытындылады.