banner

Жаңалықтар

Оқы. Үйрен. Талаптан!

10 қазан 2024 20:48

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп түлегі Санжар Молдахметовпен кездесу өтті. Кездесу «Ақылды бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында өтті.

Санжар Назарбаев Университетінің бакалаврды сәтт аяқтап, «Қаржы ғылымдарының магистрі» бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.

Мектепте оқып жүрген кезінен бастап Санжар өзінің шығармашылық музыкалық қабілетімен, сонымен бірге жоғары оқу үлгерімімен көзге түсті. Оқу мен мектеп өмірін қалай біріктіруге болады? Қалай жан-жақты адам болуға болады? Қалай уақытты тиімді пайдалануға болады? Осы сұрақтарға жауапты оқушылар «Даналық бейсенбі» жобасы аясында өткен кездесуден ала алды.

17 жасында Санжар командасымен бірге өзінің алғашқы «KazKelem» жобасын ойлап тапты. Бұл қалада азық-түлік жеткізуге арналған мобильді платформа. Талдықорғандағы алғашқы қызметтердің бірі болып саналады. Санжардың айтуынша, бұл жоба үлкен табыс әкелді және көп ұзамай тағы екі «Турбо», содан кейін «Refill» жобасы дүниеге келді. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жууға жазылу жүйелері. Бір жазылымды сатып алу арқылы серіктестердің барлық автокөлік жуу орындарынан қызмет ала аласыз.

— Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар. Күнделікті тәртіпті жоспарлаңыз және басымдықтарды белгілеңіз. Бірінші басымдық – білім алу, - дейді түлек.

NIS қабырғасында Санжар мектеп хорында, «Виа» вокалды-аспаптық ансамблінде, домбыра оркестрінде болды. Ол 8 музыкалық аспапта ойнайды, бірқатар шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанды.

— Мектеп қабырғасында жүргенде даму мүмкіндіктерін пайдаланып, өзіңізді байқауларда, ғылыми жобаларда, шығармашылық бағытта сынап көріңіз. Барлығына шыдам керек, еңбектену керек. Жобаларым біраз уақыттан кейін дивидендтер бере бастады. Бұл күнделікті тынымсыз жұмыс, бұл қарым-қатынас, бұл сынақ пен қателікке негізделген сабақтар, - дейді жас кәсіпкер.

Өз сөзінде ол сонымен қатар коммуникациялық дағдыларды дамыту қажет екенін атап өтті.

Соңында Санжар оқушыларға ұлттық аспаптың 10 дана домбырасын тарту етті. Жиынның ең қызықтысы домбырашылардың, оның ішінде мектеп түлегі Санжар Молдахметовтың «Адай» композициясымен өнер көрсетуі болды.