banner

Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары еліміздегі мектеп оқушылары арасындағы үздік стартаперлер атанды

25 қыркүйек 2024 00:31

Астанада «Solve for Tomorrow» республикалық стартап байқауы аяқталды. Бұл Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда төртінші жыл қатарынан жасап, жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба.

Биылғы міндет - ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы (STEM) пайдалана отырып, өзекті әлеуметтік мәселенің шешімін табу болды.

Жарияланған 670 команданың 10-ы финалға шықты, оның ішінде Талдықорған қаласының «NIS» командасы төртінші орынға және 300 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Анар Нұрмұхан мен Диана Хасимова үш әлеуметтік маңызды стартап жобаларын ұсынды. Бұл қалтадағы тактильді брайль оқулығы, зағип жандарға арналған сөйлейтін бағдаршам және AI VISION құрылғысы – банкноттарды автоматты танушы.

Барлық үш жоба, әзірлеушілердің айтуынша, бір жыл ішінде жасалып, сынақтан өткен. Мысалы, Талдықорған қаласындағы бірнеше бағдаршамдарда көзі нашар көретін адамдарға арналған дауысты бағдарлау қазірдің өзінде сәтті жұмыс істеп тұр.