Жаңалықтар
Мектебіміздің еріктілер клубы шала туған сәбилерге тоқыма бұйымдарын тарту етті
26 желтоқсан 2024 15:37
Жақсылық пен қайырымдылық аптасы аясында «NIS Teachers Volunteers» және «28 ілмек» клубтарының еріктілері сәбилерге тоқыма бұйымдарын тарту етті. Мектеп оқушылары, ұстаздары, техникалық қызметкерлері мен ата-аналар ерікті түрде таза жүннен қажетті тоқыма бұйымдарын тоқып, жылына екі рет қаламыздағы перинаталдық орталыққа табыс етеді.
Шала туған нәрестелерді жылытып, дене температураларын сақтау үшін медициналық көмектен басқа, сәбилерге тоқыма жіптен жасалған заттарды пайдалану аса маңызды. Сол үшін аталмыш әлеуметтік жобаның да игілігі мол.
Қайырымдылық жобасына ұстаздарымыз Мистер Марсель мен Дариға Сайбулатова демеушілік етсе, мектеп оқушылары мен мұғалімдері Юлия Колесникова, Алмагуль Ибрагимова, Динара Коксегенова, Маржан Алибекова, Жазира Курманова, Каламкас Сапаргалиева мен Гульмира Курманбаева белсене қатысты.
Осылайша, 2017 жылдан бастау алған дәстүрлі жоба биылда жалғасын тапты. Қамқорлық пен қайырымдылыққа толы істеріңіз көпке өнеге.