banner

Ата-аналар комитеті

АТААНАЛАР КОМИТЕТІ

Зияткерлік мектептің ата-аналар комитеті - білім беру және тәрбие үрдісін дамыту және жетілдіру, ата-аналар жұртшылығы мен мектептің өзара іс-қимылы мақсатында әрекет ететін мектептің өзін-өзі басқарудың тұрақты жұмыс істейтін алқалы ұйымы.

Ата-аналар комитеті мектеп пен отбасына оқушылардың негізгі орта, жалпы орта білім алуына, жоғары адамгершілік құндылықтарға, мәдениетаралық өзара түсіністікке және өз еліне қызмет етуге бағдарланған оқушыларды тәрбиелеуге жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Ата-аналар комитеті өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, білім туралы заңнамасын, мектеп Ережесін және ДБҰ-ның өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

Ата-аналар комитетінің құрамына әр сыныптан кем дегенде бір оқушының ата-анасының (заңды өкілінің) өкілдері кіреді.

Ата-аналар комитетіне өкілдер жыл сайын оқу жылының басында ата-аналардың сынып жиналыстарында сайланады.

Жұмысты үйлестіру үшін Ата-аналар комитетінің құрамына Зияткерлік мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары кіреді.

Ата-аналар комитеті өз құрамынан өз жұмысын қоғамдық негізде жүзеге асыратын төрағаны, хатшыны (қажет болған жағдайда төрағаның орынбасарлары, оқу-тәрбие, мәдени-спорт, қаржы-экономикалық секторларының басшылары сайлануы мүмкін) сайлайды.

Ата-аналар комитетін отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілігі сайлайтын төраға басқарады.

Бас комитеттің өкілеттік мерзімі - 1 жыл.

Ата-аналар комитеті туралы ереже мектептің педагогикалық кеңесінде қабылданады, мектептің Ата-аналар комитетінің отырысында талқыланады, бекітіледі және Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі. Ата-аналар комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар осындай тәртіппен енгізіледі.

Ата-аналар комитетінің шешімдері ұсыныс ретінде беріледі. Тек Зияткерлік мектеп директорының бұйрығы шығарылған жағдайда іске асыру мақсаттарындағы шешімдер ғана міндетті болып табылады.