banner

Білім беру бағдарламасы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

NIS бағдарламасы — Назарбаев Интеллектуалды Мектептері (НЗМ) желісіне кіретін мектептерде білім берудің жаңа стандарттарын енгізуді мақсат етеді. Бұл бағдарлама оқушылардың шығармашылық, сындарлы ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған, сонымен қатар заманауи технологияларды қолдануды ынталандырады.

«Назарбаев Интеллектуалды мектептері» АОО-ның 2024-2025 оқу жылына арналған NIS бағдарламасын жүзеге асыруға арналған нұсқаулығында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, академиялық адалдықты дамыту, сондай-ақ халықаралық білім сапасы бойынша PISA-2022 нәтижелері мен білім беру саласындағы жасанды интеллектің интеграциясы туралы ақпарат берілген. Құжат мектептердің оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруын және оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуын қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.

Білім бағдарламасы (қаз)