Жаңалықтар
ECER-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ӘРІПТЕСІМІЗ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
30 тамыз 2024 11:15
ӨСКЕМЕНДЕГІ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ТАМЫЗ АЙЫНДА КИПР МЕМЛЕКЕТІНІҢ НИКОСИЯ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН "ECER-2024" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРТУ АЛҒАН БОЛАТЫН.
Конференцияда директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Мукашева Құралай Кайырдиновна Дюзбаева Малика Бағлановнамен бірігіп жасаған "Model 5E method for developing reasoning in high school students in biology lessons" тақырыбындағы жұмысын таныстырды.
Жалпы конференцияға әлемнің 71 елінен 2300-ге жуық қатысушы келген, оның ішінде 20-дан астам Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары да бар.