banner

Жаңалықтар

Күзгі себеттер

07 қазан 2024 17:02

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің еріктілері мұқтаж жандарды қолдау мақсатында қайырымдылық акция өткізді.

 

Оқушылар мен ата-аналар 200 келіге жуық көкөніс пен жеміс-жидек жинады. Алма, жүзім, сәбіз, асқабақ, баклажан, картоп және дәрумендерге бай тағы басқа азық-түліктермен толтырылған себеттерді өңірдегі аз қамтылған 7 отбасыға табыстады.