banner

Жаңалықтар

🌱«Әженің сөзі, ақылдың көзі» атты танымдық кездесу өтті

28 қараша 2024 19:08

Оқу ордамызда ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Әженің сөзі, ақылдың көзі» атты танымдық кездесу өтті.

8Н сынып оқушысы Төлеубай Нұрбектің әжесі Алия Сарқынбайқызы қазақ дәстүріндегі шаш күтімінің тәрбиелік мәні мен қыз бала әдебіне қатысты құнды мәліметтермен бөлісті. Ол батыс сәнінің ықпалына қарамастан, қазақы танымда шашты жинап жүрудің маңызын атап өтті. Ал 8С сынып оқушысы Ризан Алинурдың әжесі Бақыткамал Ықыласқызы ұлттық тәрбиеге негізделген қыз баланың қалыптасуы туралы терең ойларын ортаға салды.

Жылы шыраймен жайылған дастархан басында зейнеткер әжелер мен оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақ сабақтастығының маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.

Мұндай кездесулер жас буынға рухани тәрбие беріп, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыратыны сөзсіз.