banner

Жаңалықтар

CIS сарапшылары реаккредитациядан сәтті өтуге ұсыныстарын берді

21 қазан 2024 16:06



Зияткерлік мектептің кезекті CIS реаккредиттелуіне дайындығын сараптау мақсатымен келген халықаралық команданың төрт күнге жалғасқан сапары өз мәресіне жетті. Сарапшылар сапарының басты мақсаты - Зияткерлік мектептің 2026 жылы күтіп тұрған акккредиттелу кезеңін сәтті өтуіне ықпал ету болып табылады.

Сапар барысында CIS өкілдері мектеп қауымдастығының әр мүшесі, оқушылар, қызметкерлер, ата-аналармен жеке кездесіп әңгімелесті. Оқушылардың белсенділігін, жан-жақтылығын ерекше атап өтті.

Сарапшылар соңғы күні мектептің шешуші кезеңге жалпы дайындығын атап өтіп, халықаралық стандарттарға қол жеткізу жолдарын айта кетті.

NIS командалары тиісті стандарттар бойынша келесі 18 айда сарапшылар берген маңызды ақпарат пен ұсыныстарын қабылдап, ақтық кезеңге дайындығын қарқынды жалғастыруды көздеп отыр.