Жаңалықтар
ЗИЯТЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІКТЕРІ
23 қыркүйек 2024 12:28
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Елзада Бақытбек пен Арайлым Орал Астанада өткен «Solve for tomorrow» республикалық байқауында 640 команданың ішінде топ жарып, үздік ондыққа кірді.
Зияткерлер «FilterAirN» - ауаға көмірқышқыл газының шығарындыларын барынша азайтуға көмектесетін инновациялық технологияны ұсынып, жобаны жетілдіруге 300000 қаржылай сертификатқа қол жеткізді.
Жетекшілер: химия пәнінің мұғалімі А.Абишева, Fablab инженері А.Қалабай.
"Solve for tomorrow" республикалық әлеуметтік жобалар байқауы- болашақ жас көшбасшыларға ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) арқылы шығармашылық дағдыларды дамытуға және маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін Samsung компаниясының бастамасы.