banner

Жаңалықтар

Біз KiVa мектебіміз: кураторлық сағат антибуллингке арналады

12 қыркүйек 2024 12:16



🌱Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде буллингке қарсы KiVa бағдарламасын енгізу мақсатында мектеп қызметкерлеріне оқыту легі жалғасуда. Кезекті семинар куратор қызметіне өткізілді.

Жаңа оқу жылынан бастап KiVa сабағы оқу кестесіне кірістіріліп, куратор сағаты осы бағыттарда өтетін болады. Семинарда куратор-педагогтарға арнайы дайындықтан өтіп сертификатқа ие болған KiVa командасы – директордың орынбасары Лаура Қыздарбекова, кураторлар Альбина Балгимбаева, Жанаргуль Есенғазиева, психолог Айсұлу Байгереева бағдарламаның негізгі аспектерімен таныстырды, оқушылардың арасындағы буллингпен күресудің тиімді әдістері талқыланды.
NIS-те осы оқу жылынан бастап KiVa командасы мұғалімдермен толықтырылып , мектеп қауымдастығын толығымен қамтиды. Кез-келген буллинг жағдайларына жедел әрекет етуге және зардап шеккендермен де, жәбірлеушімен де алгоритм бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл командаға мектепте буллинг жағдайларын байқаған кез-келген адам да жүгіне алады.

Турку университеті (Финляндия) әзірлеген KiVa бағдарламасы буллингке қарсы күресте әлемдегі ең тиімді болып саналады.
Семинарлар легі KiVa бағдарламасының модульдерін оқытуымен жалғасады.