banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушылары өздерінің инновациялық жобаларына патент алды

22 қараша 2024 11:00

Ақтау қаласындағы NIS оқушысы Камила Қуатова мен мектеп түлегі Данил Мухалевтің «Қызметкердің функционалдық жағдайын жедел бақылауға арналған құрылғы» инновациялық жобаларына пайдалы модель патентін алды

Бұл жүйе құрылыс нысандары мен мұнай-газ кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Пайдалы модель ретінде танылған бұл өнертабыс - қызметкерлерді Face ID арқылы тануды, алкогольдік масаңдықты анықтауды, дене температурасын және жүрек соғу жиілігін өлшеуді қамтиды.

Жобаның басты артықшылығы — оның практикалық қолданылуы. Құрылғы мұнай-газ өнеркәсібі мен құрылыс алаңдары сияқты маңызды салаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек жағдайларын бақылау жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Бұл тек NIS мектебінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жас буынының шығармашылық қабілетінің жоғары екенін дәлелдейді. Оқушылар өз жетістіктерімен отандық ғылым мен инновацияның дамуына үлес қосуда.