logo
Главная Работа в NIS Новости
banner

Новости школ

Тәжірибе алмасу алаңы: тірек мектептер NIS-те

14 февраля 2025 17:15

Жалағаш ауданындағы әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей, Шиелі ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №219 мектеп-лицей және Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицей директорлары мен орынбасарлары, сынып жетекшілері мен педагогтері NIS-тің Ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара барысында ауылдық мектеп әкімшілігінің өкілдері оқу үдерісін басқару және мектеп дамуына ықпал ететін негізгі қағидаттар бойынша маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ, сабақты жоспарлау мен оқытуды ұйымдастыруды бақылау, олимпиадалар мен ғылыми жобаларды тиімді өткізу және тәрбие жұмысын іске асыру ерекшеліктеріне қатысты тәжірибе жинақтады.

Сабақ барысында сандық ресурстарды тиімді қолдану тақырыбында ауыл педагогтері Google платформасында сайт жасауды үйреніп, сабақ материалдарын әзірлеу және оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда қолдануға болатын жасанды интеллект платформаларымен танысты.

Сонымен қатар, сабақ үдерісінде CLIL әдістерін тиімді қолдану бойынша Зияткерлік мектеп ұстаздарынан әдістемелік көмек алды.