logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌿 NIS Turkestan педагогтері Еуропадағы беделді білім беру алаңдарының бірі – ECER–2026 халықаралық конференциясына шақырту алды.

17 сәуір 2026 08:18

Ұстаздардың зерттеу жұмыстары білім беру саласындағы өзекті бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, элективті курстарды әзірлеу, оқытудың заманауи әдістерін енгізу, оқу үдерісін бағалау және оқушылардың академиялық дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылған. Зерттеулер педагогтердің күнделікті тәжірибесі мен халықаралық білім беру стандарттарына негізделген.

Жобаларда білім сапасын арттыруға, сыни ойлауды дамытуға және оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуге ерекше мән берілген. Сонымен қатар, авторлардың бірқатары халықаралық сертификаттарға ие болып, кәсіби қауымдастықтарда белсенді жұмыс істейді.

ECER–2026 конференциясына шақырту алу – NIS Turkestan ұстаздарының кәсіби деңгейі мен зерттеушілік мәдениетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

Бұл – тек конференцияға қатысу ғана емес, қазақстандық білім беру тәжірибесін әлемдік деңгейде таныстыруға берілген мүмкіндік.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-