Жаңалықтар
Халықаралық деңгейдегі жетістік 🇰🇿✨
21 сәуір 2026 08:09
Астана қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жобалар бойынша халықаралық байқауда оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.
Байқау жас зерттеушілердің ғылыми ойлауын дамытуға, зерттеу дағдыларын жетілдіруге және инновациялық идеяларын ұсынуға бағытталған маңызды алаң болды.
Модельдік ракета бағыты бойынша
Досмұханбет Жанайым мен Досмұханбет Кәусар 🥉3-орын иеленіп, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғады.
Жетекшісі – Худайберген Ғалым Сапарбайұлы.
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшінің кәсіби бағыт-бағдарының нәтижесі. Осындай жеңістер жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сенім береді.
Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз 🚀