Жаңалықтар
🎉 Қуанышты жаңалық!
20 сәуір 2026 08:13
Оқушыларымыз Ақтөбе қаласында өткен AIS Hackathon байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді! 🏆
💻 Жеңімпаздар:
— Дәрібай Нұрасыл (10 «М»)
— Қуандық Данеля (11 «М»)
— Жолдықараева Амина (11 «Д»)
👨🏫 Ғылыми жетекші:
Маханбет Арман Талғатұлы
🚀 Байқау барысында команда өздерінің инновациялық ойлау қабілеттерін, бағдарламалау дағдыларын және командалық жұмыстағы үйлесімділігін көрсетті. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде тиімді шешім ұсынып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен үлкен белестер тілейміз!