logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🏆 «Даналық бейсенбі» жобасы аясында кездесу өтті

16 сәуір 2026 14:08

Мектебімізде «Даналық бейсенбі» жобасы аясында спортшылармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіп пен табандылықтың маңызын түсіндіру және өмірлік бағыт-бағдар беру.

🏅 Кездесуге Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, түрлі чемпионаттардың жүлдегерлері — Роза Кеңес, Полат Туребеков және Заңғар Әбдірахман арнайы қонақ ретінде қатысты. Олар өздерінің спорттағы жолы, жетістікке жетудегі еңбек пен тәртіптің рөлі туралы айтып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты.

💬 Кездесу барысында оқушылар спортшыларға өз сұрақтарын қойып, қиындықтарды жеңу, мотивацияны сақтау және мақсатқа жету жолдары туралы құнды кеңестер алды. Спортшылардың өмірлік тәжірибесі мен жетістіктері жас буынға үлкен әсер қалдырды.

✨ Осындай кездесулер оқушылардың тұлғалық дамуына, өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына және өз мақсаттарына сенімді қадам жасауына ықпал етеді. Мектебімізде «Даналық бейсенбі» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-