logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Казатомпром қолдауы — STEM зертханасының жаңа мүмкіндіктері

04 наурыз 2026 10:25

Түркістан Назарбаев Зияткерлік мектебі Казатомпром компаниясына білім беру бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдіреді.

Компания қолдауының арқасында мектептегі STEM зертханасы заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толықты. Атап айтқанда, зертханаға VOIER 1080 RD 100W лазерлік станогы, Raspberry Pi жиынтықтары, Raspberry Pi камералары, HDMI дисплейлері, Arduino жобаларына арналған кеңейтілген жиынтықтар, түрлі датчиктер мен инженерлік модульдер, сондай-ақ Bambu Lab P1S 3D принтері жеткізілді.

Бұл құрал-жабдықтар оқушылардың инженерлік ойлауын дамытуға, бағдарламалау, робототехника және цифрлық өндіріс бағытындағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұл тек НЗМ-ге көрсетілген қолдау ғана емес, сонымен қатар өңірдің инженерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай қолдау жас зерттеушілер мен болашақ инженерлерді даярлауға үлкен үлес қосады. Серіктестігіміз нығая берсін.