Жаңалықтар
Түркістан НЗМ оқушыларының республикалық ғылыми жобалар байқауындағы жетістігі
02 наурыз 2026 08:29
24–27 ақпан 2026 жылы Астана қаласында өткен Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 8–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалдық кезеңінде Түркістан Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Мектебімізден финалға жолдама алған 5 жоба да сәтті қорғалып, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды! 🎉
🔹 Нуралиев Бағдаулет (11А) – физика секциясы, 🥇 1-орын
Жетекшілері: Худайберген Ғалым Сапарбайұлы, Ашир Эльмира Асилбековна
🔹 Өтетілеу Алтынай (11В) – Жер және ғарыш туралы ғылым секциясы, 🥇 1-орын
Жетекшілері: Сеитбек Ержігіт Асилбекұлы, Худайберген Ғалым Сапарбайұлы
🔹 Базарбайұлы Нұрсұлтан (11А) – экономика секциясы, 🥈 2-орын
Жетекшілері: Ашир Эльмира Асилбековна, Азимбек Бақыт Қанатқызы
🔹 Амидулла Назерке (11Е) – экономика секциясы, 🥈 2-орын
Жетекшілері: Әшір Қажымұрат Бақдәулетұлы, Ашир Эльмира Асилбековна
🔹 Баратов Азизбек (8L) – қолданбалы математика секциясы, 🥉 3-орын
Жетекшілері: Абдушукуров Эльдар Сабирұлы, Азимбек Бақыт Қанатқызы
Оқушыларымыздың табандылығы мен ғылыми ізденіске деген құлшынысы, жетекші ұстаздардың кәсіби қолдауы — бұл жетістіктің басты кепілі.
Жас зерттеушілерімізге жаңа белестер мен үлкен ғылыми жетістіктер тілейміз!
Мектебіміздің мерейі үстем болсын! ✨

