Жаңалықтар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне алғыс
03 наурыз 2026 08:10
Түркістан НЗМ-дегі «SKILL HUB» аясындағы STEM зертханасын жабдықтауға қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Университет қолдауымен зертханаға FTC Competition Set робототехника базалық жинағы, жарыс алаңы мен ойын элементтері, Expansion Hub, моторлар мен сервоприводтар, аккумуляторлар, сондай-ақ Arduino Starter Kit, Smart Car Kit және кеңейтілген Arduino жиынтықтары табысталды.
Бұл құрал-жабдықтар оқушылардың инженерлік және бағдарламалау дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік береді.
Серіктестігіміз нығая берсін.
