Жаңалықтар
CIS халықаралық аккредитациясының алдын ала кезеңі өтті
17 ақпан 2026 11:17
2026 жылғы 11–13 ақпан аралығында Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025 жылдың тамызында жаңартылған CIS халықаралық аккредитациясы хаттамасына сәйкес алдын ала кезең өткізілді.
Аталған кезеңге CIS сарапшысы Кристофер Маджио қатысты.
Үш күн ішінде сарапшы:
▫ Басқарма Төрағасымен,
▫ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы қызметкерлерімен,
▫ Қамқоршылық кеңес мүшелерімен,
▫ Мектеп әкімшілігімен, әдістемелік бірлестік жетекшілерімен,
▫ Оқушылармен, ата-аналармен және әл-ауқат қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, сабақтарға қатысып, STEM кабинетінде оқушылардың жобаларымен танысты, жатақхана тәрбиеленушілерінің өнер көрмесіне қатысты.
Кездесулер нәтижесінде мектептің төрт даму бағыты айқындалып, аккредитацияның келесі кезеңіне арналған жоспар жобасы әзірленді.
CIS сарапшысы мектептің халықаралық талаптарға сәйкес келетінін атап өтіп, алдағы даму бағыттары бойынша кері байланыс ұсынды.


