Жаңалықтар
🌱Мектебімізде Мұқағали Мақатаевқа арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті
11 ақпан 2026 10:23
Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, мектебімізде «Жүрегім менің — жанартау» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Бұл кеш ақын рухына тағзым етіп, оның өлмес мұрасын жас ұрпаққа дәріптеуді мақсат етті.
Байқаудың ерекшелігі — 7-сынып оқушыларымен қатар, олардың ата-аналары да белсене қатысты. Сахнада Мұқағалидың өлеңдері — Отан, достық, өмір мен махаббат тақырыбында — оқылып, тыңдарманның жүрегін тебірентті.
Жүлдегерлер:
Оқушылар арасында:
І орын: Дінмұхамед Мейрамбек, Нұрасыл Серғали, Асылай Еркали
Ата-аналар арасында:
🥇 І орын: Марал Көлжанова
🥈 ІІ орын: Асель Абиш, Лаура Полатбек
🥉 ІІІ орын: Гүлнұр Абишева, Сейсекүл Жаскеленова, Айжан Жайлыбаева
Осынау рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып, шығармашылық қолдау көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Райхан Мәселбек, Макпал Адильбекова және Әсел Реймбаеваға ерекше алғыс білдіреміз.
«Мұқағали — мәңгілік жыр». Мұндай шаралар оқушылардың поэзияға деген құштарлығын оятып, мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпірді нығайтады.