Жаңалықтар
🌱Мектебімізде TEDx конференциясы өтті
03 ақпан 2026 10:41
Мектебіміз идеялар мен шабыт алаңына айналды. «Болашақ мектебі: білім, жасанды интеллект және жаңа дағдылар» тақырыбында өткен TEDx форматындағы кездесуде білімнің, технологияның және жаңа дағдылардың өзекті мәселелері талқыланды.
Спикерлеріміз бен қонақтарымыз — жаңашыл ұстаздар мен креативті оқушылар — жасанды интеллектінің білімдегі рөлі, когнитивті дағдылар және болашақ мамандықтары туралы маңызды ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе 29 жылдық тәжірибесі бар ұстаз Күләнда Еділқызы мен мектепте ЖИ-ні күнделікті өмірге енгізіп, инновациялық жобалар жүзеге асырып жүрген Мирлан Джусамбаевтың сөздері көпшілікті тәнті етті.
Бұл кеш — жаңа білімге, технологияға және шығармашылыққа ұмтылған жандардың басын қосты. Біз болашақты бірге құрамыз!