logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Идеялар фестивалі ұйымдастырылды

30 қаңтар 2026 10:27

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Идеялар фестивалі өтті. Іс-шара барысында білім алушылар өздерінің авторлық, заманауи әрі тәжірибеге бағытталған идеяларын ұсынды.

Фестиваль қорытындысы бойынша белсенділік танытқан, тың ойларымен ерекшеленген оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Ұсынылған жобалық идеялар алдағы уақытта ауқымды жобаларға айналып, білім беру мен қоғам дамуына өз үлесін қосады деп күтілуде.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық бастамаларын қолдауға үлкен мүмкіндік береді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-