logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин Тараз қаласындағы NIS-ке арнайы іссапармен келді.

28 қаңтар 2026 17:08

Сапар барысында мектептің ішкі және сыртқы инфрақұрылымымен танысып, мектептің тыныс-тіршілігі, оқу-тәрбие үдерісі туралы жан-жақты ақпарат алды.

Басқарма Төрағасының қатысуымен оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық және ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, білім алушылардың ізденісі мен ұстаздардың кәсіби еңбегі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Әдістемелік бірлестік жетекшілерімен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында республикалық ата-аналар кеңесінің мүшелері және белсенді ата-аналармен, сондай-ақ мектептің өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерімен пікір алмасу ұйымдастырылды. «Құндылықтарға негізделген тәрбие» тақырыбында ата-аналар университетінің кездесуі өтіп, қатысушылар тәрбиенің маңызды аспектілері жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ Әнуар Жанғозин «Зерде» интеллектуалды ойынына қатысып, оқушылардың білімге деген құштарлығын жоғары бағалады.

Басқарма Төрағасы мектептегі үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысымен де танысып, оқушылардың жан-жақты дамуына жасалған мүмкіндіктерді көрді. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді зияткерлерімен еркін форматта тілдесіп, жастардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-