Жаңалықтар
🌱«Wikipedia» жобасы аясындағы мектепішілік байқау қорытындыланды
23 қаңтар 2026 17:01
Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында қазақ тіліндегі Wikipedia сайтындағы мақалалар санын арттыру мақсатында мектепішілік байқау ұйымдастырылып, табысты түрде өткізілді. Байқау нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздегі сапалы, сенімді және өзекті білім контентін дамыту, сондай-ақ оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Байқау барысында қатысушылар Wikipedia және Wiki-деректерді дамытуға бағытталған мақалалар әзірлеп, ашық білім кеңістігінің болашағына өз үлестерін қосты.
Ең үздік қатысушылар:
• Медина Кеңесханова
• Амина Сәбитқызы
• Бекжан Каипов
Олар 200-ден астам өңдеме жасап, бар материалдарды жетілдіруде елеулі еңбек сіңірді. Сонымен қатар, 7 сынып оқушысы Нұрали Шырынханның 50 өңдеме жасауы — оқушының ізденісін көрсеткен жарқын мысал.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға белсенділігі мен ынтасы үшін алғыс білдіреміз.
Координаторлар: Улбосын Рахметова, Қалнұр Жылымбетова