Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушылары баскетболдан ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанды
23 қаңтар 2026 16:57
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының шешімімен баскетболдан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды 12 «Е» сынып оқушысы Айсултан Ануаровқа және 10 «С» сынып оқушысы Амиржан Ануаровқа берілді.
Айта кетейік, жас спортшылар — баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Біз оқушыларымызды осынау айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге спорт айдынында жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз. Жеңісті күндер көп болсын!