logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз мұғалімдері халықаралық IMPACT 2026 байқауының жеңімпаздары

14 қаңтар 2026 16:42

Алматы қаласында 2026 жылдың 10–14 қаңтар аралығында дарынды, шығармашыл мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған VIII халықаралық ашық IMPACT Olympiad байқауы өтті.

Аталған байқауда NIS Тараз мұғалімдері жоғары нәтиже көрсетті:

🥇информатика пәні бойынша – Сұлтан Жанұзақов алтын медаль иегері;

🥉математика пәні бойынша – Арайлым Тyктыбаева қола медаль иегері.

Дәстүрлі IMPACT Olympiad – жоғары кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық көзқарасы айқын талантты мұғалімдер мен жаттықтырушыларды біріктіретін халықаралық кәсіби алаң болып табылады.