logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараздық зияткерлерден жаңа жоба: «OiQanat» журналы жарық көрді! 📖✨

27 қаңтар 2026 18:00

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жас тілші» үйірмесінің бастамасымен алғашқы «OiQanat» журналы оқырманға жол тартты. Бұл басылым мектеп өміріндегі жаңа шығармашылық толқынның бастауы болмақ.

Жобаның басты мақсаты — оқушылар арасында шығармашылық орта қалыптастыру, әдебиетке жақын дарындарға қолдау көрсету және мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату. Журнал мазмұны ұлттық және адами құндылықтарға негізделген.

💬 «Телефонға тәуелді заманда оқушылардың назарын аударатын, оларды қызықтыратын құнды дүние ұсынғымыз келді», – дейді үйірме жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райхан Мәселбек.

50 беттен тұратын түрлі-түсті электронды басылым қызықты айдарларға толы. Мысалы, «Аңыз адамдар» бөлімінде ұлы тұлғалардың балалық шағы туралы деректер берілсе, «Балалық шаққа саяхат» айдарында 12-сынып түлектерінің қимас естеліктері баяндалады.

Журнал тоқсанына бір рет қазақ тілінде шығып тұрады. Жас тілшілеріміздің қаламы ұштала берсін! ✍️🚀