logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз ұстазы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапатына ие болды

23 желтоқсан 2025 10:10

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибелі педагогі Эльмира Акимова Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломымен марапатталды.

* Эльмира Тұрсынқызы – NIS жүйесінде көп жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан, кәсіби қауымдастықта беделі жоғары маман. Ол халықаралық деңгейдегі (ECER, WALS) зерттеулерге белсене қатысып, Lesson Study және CLIL әдістемелерін енгізуде көшбасшылық танытып келеді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері ретінде өз тәжірибесін еліміздің басқа да мұғалімдерімен кеңінен бөлісуде.

Ұстаздың ең үлкен жетістігі – оның шәкірттері. Оқушылары республикалық және желілік ғылыми жобалар мен олимпиадаларда тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатып келеді.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз! 💐