Жаңалықтар
🌱Тараздағы NIS-те ұстаздардың кәсіби жетістіктеріне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
23 желтоқсан 2025 10:08
🌱 Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздар қауымының және мектеп ұжымының кәсіби жетістіктері мен қоғамдық белсенділігін ұлықтаған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Білім беру саласындағы ерекше еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін мектебіміздің ұлағатты ұстазы Эльмира Акимова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломымен марапатталды. Бұл – жоғары кәсібиліктің және білімге деген адалдықтың айқын дәлелі.
Сонымен қатар, оқу жылындағы жоғары көрсеткіштер мен бірлескен нәтижелі жұмысы үшін мектеп ұжымына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының Алғыс хаты салтанатты түрде табыс етілді.
Мектептің әлеуметтік бастамалары да назардан тыс қалмады. «Берік отбасы» жобасын жүзеге асыруға белсене атсалысып, демеушілік көрсеткен ұстаздарға мектеп әкімшілігінің атынан арнайы Алғыс хаттар берілді.
Барша әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз! 💐