logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара

24 желтоқсан 2025 10:27

Даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы аясында 11 «С» сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тараз қаласындағы әскери мектебінің сарбаздары бірлескен тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Тараз қаласындағы «Даңқ залы» музейіне барып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи деректермен және қазақ халқының батыр ұлдарының ерлік істерімен танысты. Музей экспозициясын тамашалағаннан кейін оқушылар мен сарбаздар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсімін өткізді.

Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді нығайту, әскери қызметке деген құрметті арттыру және тарихи сананы жаңғырту.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-